Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді

Мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте трансшекаралық хабтарды дамыту мен қалдықтарды қайта өңдеу және аудандағы кәсіпкерлік саласын дамыту мен басқа да күн тәртібінен бөлек бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автодәлізінің 129 шақырымы Қазалы ауданының аумағынан өтеді. Дәліз Қазалы ауданының транзиттік маңыздылығын арттыруымен қоса, агро және индустриялық өнімдерді экспортқа шығару мен шағын және орта бизнеске жаңа нарықтар ашуда. Осы ретте, аудан әкімі аудан көлемінде өтетін автодәліздің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы аудан экономикасын әртараптандырып, автодәліздің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту керектігін айтты. Соған сәйкес, жауапты орынбасары мен тиісті сала басшысына іс-шаралар жоспары мен осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ жұмыс жоспарына сәйкес, аудан аумағынан өтетін автодәліз бойын аралап көріп, жол бойында орналасқан қызмет көрсету орындарын, жол бойындағы нысандардың тазалық жұмыстарын өзі көріп шығатынын ескертті.
Ал, мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе - қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары бойынша ауданда басталған жобаларды тезірек нәтижелі жүзеге асыруды тапсырды. Бұл арқылы экологиялық жүктемені азайтып, қоқыс полигонына қажеттілікті төмендету, заңсыз полигондарды жоюға үлкен септігін тигізетінін айтты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелерден кейін, кәсіпкерлік саласын дамыту мәселесі қаралып, ондағы көрсеткіштерді жоғарылату, кәсіпкерлік нысандардың аумағы мен сыртқы келбетінің абаттандырылуы, тазалығына байланысты тиісті сала басшыларына мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне қатаң тапсырмалар жүктелді. Бұдан бөлек, ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша да жыл қорытындысымен барлық сала бойынша оң динамика қалыптастыру, жұмыстарға бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Жиында аудан әкімі мерзімді әскерге шақыру мәселесіне байланысты да сөз қозғап, жауаптылар мен барлық әкімдерге белгіленген межені толық орындап шығуды ескертті. Жиын соңында Алмасбек Әбілқасымұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған тазалық акциясы аясындағы жұмыстарға байланысты аудан аумағындағы бірқатар кемшіліктерді атап көрсетіп, тазалықа байланысты жауаптыларға қатаң ескертулер жасады. Сөз соңында мәжілісте қаралған әрбір мәселе өзекті екенін айтып, берілген тапсырманы өз деңгейінде орындамағандарға заңдылыққа сәйкес қатаң шара қабылданатындығын ескертті.
26 қараша 2025 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930