Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте міндетті медициналық сақтандыру мен көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды

Мәжілісте міндетті медициналық сақтандыру мен көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту, көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары және бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Жиында аудан басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту — Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған маңызды реформалардың бірі және жүйе азаматтардың сапалы, қолжетімді медициналық көмек алуына, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Осыған сәйкес, аудан әкімі кент және ауылдық округ әкімдеріне аудандық ауруханамен бірлесе отырып, сақтандырылмаған тұлғалармен жеке жұмыс жүргізу және ақпараттық шараларды ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе - көлеңкелі экономиканы төмендету шараларына байланысты аудан басшысы тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық субъектілерін заңды түрде тіркеуді, сондай-ақ онлайн бақылау-кассалық аппараттарын орнату жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында ресми еңбек қатынастарын қалыптастырудың маңыздылығы мен заңсыз жұмыспен қамтудың экономикалық және әлеуметтік салдары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.
Мәжілістің күн тәртібіндегі қозғалған екі мәселеде тұрғындардың өміріне тікелей әсер ететін маңызды бағыттар екенін айтқан Алмасбек Әбілқасымұлы жауаптыларға жиында берілген әрбір тапсырмалардың тиянақты орындалуына жұмыс жасауды тапсырды.
08 қазан 2025 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031