Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қоқыс полигоны мен кәріз суларының сүзгілеу аймағын көрді

Аудан әкімі қоқыс полигоны мен кәріз суларының сүзгілеу аймағын көрді

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінің сырт жағындағы солтүстік-батыс беткейінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны мен кәріз суларын сүзгілеп, тазартуға арналған арнайы аймақтың қазіргі жағдайымен танысты.
Аудан басшысы қоршаған ортаның тазалығы мен санитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды. Аталған нысандардың инфрақұрылымдық жағдайымен және техникалық қамтылу деңгейімен танысып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде қалдықтарды жинау мен шығару жұмыстары күнделікті режимде жүргізілуде. Дегенмен аудан әкімі қоқыс полигонының әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін алға тартып, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы жобаларды қолға алу керектігін атап өтті. Бұл – бір жағынан экологиялық мәселені шешуге, екінші жағынан, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін тиімді жол екені айтылды.
Сонымен қатар, аудан әкімі кент сыртындағы кәріз суларын сүзгілейтін арнайы аймақтың жұмысымен танысу барысында, 1980-жылдары салынған сүзгілеу алаңдарының әлі де пайдаланылып келе жатқанын айтып, аталған аймақтың сыртын қоршау, тазалық жұмыстарын жасау және ассенизатор көліктердің бұл жерге емін-еркін келіп, кәріз суларын төгуге жағдай жасау бағытында жұмыстарды үйлестіру керектігін айтты. Сондай-ақ тазарту жүйесінің тиімділігін арттыру, санитарлық нормаларға сай жұмыс жасау бағытында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеп, кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.
Аудан басшысы бұл салада қолға алынатын жұмыстардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.
Адан әкімі Әйтеке би кентіндегі нысандарды аралау барысында Желтоқсан көшесіне асфальт төсеу жұмыстары мен кент көшелерінің тазалығын көріп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
23 қараша 2025 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930