Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәріз жүйесінің жай-күйі тексерілді

Кәріз жүйесінің жай-күйі тексерілді

Қазіргі таңда елді мекендердің өркендеуі мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруда инженерлік инфрақұрылымның, оның ішінде кәріз жүйесінің маңызы ерекше. Осыған орай, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінде орналасқан кәріздік насос станцияларының жұмысымен арнайы барып танысты.
Аудан басшысы кент аумағында орналасқан барлық кәріздік насос станцияларын аралап, олардың техникалық жай-күйін көзбен көріп, жұмыс барысына қанықты. Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде 4 кәріздік насос станциясы бар. Бұл нысандар 1983-1985 жылдары пайдалануға берілген және содан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Аталған станциялар кент ішіндегі тұрмыстық ағынды суларды жинап, арнайы насос арқылы кенттің солтүстік-батыс бөлігінде, шамамен 5,3 шақырым қашықтықта орналасқан сүзгілеу алаңына айдайды.
Алайда, аралау барысында бұл нысандардың әбден тозығы жеткені, негізгі жабдықтардың ескіргені және қайта жаңғыртуды қажет ететіні анық байқалды. Аудан әкімі кәріз инфрақұрылымының санитарлық-гигиеналық және техникалық талаптарға толық сай болуы – тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыстық жағдайына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін баса айтты. Сондықтан бұл салаға кешенді түрде назар аударып, кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет екеніне тоқталды.
Тексеру кезінде жауапты сала мамандары аудан әкіміне қазіргі жүйенің жұмыс ерекшеліктері, техникалық ақаулар, тозған тораптар мен насостар туралы жан-жақты мәлімет берді. Өз кезегінде Алмасбек Есмаханов тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, кәріз жүйесін жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді, қаржыландыру көздерін қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар кәріз жүйесіне қызмет көрсететін мекемелердің жұмыс тиімділігін арттыру, күтпеген апаттық жағдайлардың алдын алу, жүйелі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторларды жою бағытында нақты ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болатыны жеткізілді.
Арайлым ЖҮСІПОВА
22 қараша 2025 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930