Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде

Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентін аралау барысында теміржол вокзалы жанындағы су қыспақты мұнараға жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда су қыспақты мұнаранының қасбетін сырлау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ ағаш есік-терезесі мен шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Алмасбек Әбілқасымұлы мердігер мекеме «LTD TABYS GROUP» ЖШС-нің жауапты өкіліне тарихи нысанның жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Әйтеке би кентiнде орналасқан су қыспақты мұнара ХХ – ғасырдың басында, Орынбор-Ташкент теміржол құрылысы кезеңінде салынған архитектуралық ескерткiштердiң бiрi. Ғасырдан астам тарихы бар Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалын сумен қамтамасыз етіп отырған нысан әлі күнге дейін жұмыс жасап тұр. Мұнара күйдірілген кірпіштен салынған, биіктігі 29, ені 8 метр, жалпы мұнара 2 қабаттан тұрады.
Аудан басшысы мұнан кейін Жанқожа батыр көшесінің бойындағы Мелиоратор мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің есігін ауыстыру жұмыстарын көрді. Бүгінде демеушілік есебінен мөлтек аудандағы 107,109,111,113,119 және 121 көпқабатты үйлердің сыртқы есіктері ауыстырылуда.
Көпқабатты үйдің тұрғындары қыс мезгіліне жеткізбей үйлерінің есіктері мен терезелерін ауыстырып беріп жатқан аудан әкімі мен азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.
16 қараша 2025 ж. 236 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031