Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих тезіне төзген мұнара

Тарих тезіне төзген мұнара

Тарихи және мәдени ескерткіштердің ел дамуы үшін маңызы зор. Олардың бір түрі – мұнаралар сәулет өнері туындысының ерекше үлгісі болып табылады. Оның алғашқы формасы қашан, қай уақытта салынғандығы белгісіз. Бұл архитектуралық құрылыс жайлы тек көне жазбаларда айтылады.

Әлемнің жеті кереметінің бірінен саналатын Александрия шамшырағының мұнарасы ежелгі дәуірлерде-ақ өзіндік ерекшелігімен тарихта қалған. Кейін Вавилон мұнарасы да көркемдік келбетімен тарих қойнауынан орын алды. Бағзы замандағы сәулет өнерінде мұнаралардың көрініс табуы грек аңыздары мен әр халықтың ауыз әдебиетінде және жазба әдебиетте де көрініс тауып отырды.
Қай кезеңде болмасын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Олар азаматтық, әскери және табынушылық бағытта салынған сәулет құрылысы болып табылады. Бұлар арқылы қаланы төбеден бақылап, өрттің алдын алып отырған. Ал әскери комиссариат, су айдау жүйесінде, ортағасырлық обсервоторияларда аспан әлемін зерттеу мақсатында қолданған.
ХХ ғасырдың басында тоғыз жолдың торабы тоғысатын Қазалы вокзалы маңындағы мұнара Орынбор-Ташкент теміржолын салудағы кешендік ғимаратқа жатады. Ол бумен жүретін паровоздардың тоқтаусыз жүруі үшін салынса, кейін халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылған. Сол кезде Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған көрінеді.
Су айдауыш мұнара – елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндсгі су өтімі мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған ыдыстан және оны көтеріп тұратын тіреуіштен тұрады. Мұнараның биіктігі 25-30 метрге, бактың сыйымдылығы ондаған метрге дейін жетеді. Тіреуіш негізінен болаттан, темір-бетоннан, кейде кірпіш немесе ағаштан жасалады. Бак ішіндегі судың қыста қатып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен, жеңіл материалмен қапталып, үсті шатырмен жабылады.
Бүгінде олардың көбі жұмыс істеп тұр. Ресейдің сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнараларды биіктігі мен сыйымдылығына қарай бөліп қарастыруға болады. Сыр өңіріндегі су қыспақты мұна­ралар сәулеттік келбеті жағынан бір-бірінен ерекшеленгенімен негізгі сұлбасы ұқсас келеді. Оның жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі бөлігі күйдірілген тікбұрыш форматты айшық­талып қаланған қыштар, жоғарғы жа­ғы ағаштан салынған болып келеді. Биік­тігі 15-28 метрді құрайды. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлі­гінде терезелер орналастырылған.
Осындай су қыспақты мұнара Көбек стансасы теміржол бекеті ғимаратының кешеніне кіреді және вокзал үйінің шығысында тұрғызылған. Мұнараның көлемі сегізқырлы, екі қабатты, бірінші қабаты цементті-құмды ерітінді де, күйдірілген кірпіштен жасалған, екіншісі ағаш, жалпы биіктігі 16,85 метрді құрайды.
Жоғарғы қабаттың зері көлденең және тік бағытталған тақтай жиектің және шектеулі түрде пайдаланылған ою есебінен шешілген. Шатыр астына шағын төртбұрышты терезелер қойылған. Мұнараның үсті шатырлы, ағаш құрылымы бар, темір шатырмен қапталған. Мұнараның үстіңгі бөлігінде төменгі қабаттың кірпішті қабырғасына орнатылған өз екпінімен көтерілетін ағын суға арналған резервуар орналасқан. Еденнен 5,15 метр биіктікте, құрылымдық маңызға ие ағаш арқалықпен көлденеңінен бекітіліп тасталған. Көбек Орынбор-Ташкент теміржолы түйісіп, Патша өкіметі өкілінің қатысуымен шпалға арнайы күміс шеге қағылған тарихи орын.
Бұл станса Сыр өңіріне белгілі, Көбек бидің есімімен аталып, батыр баба рухы ел жадында сақталып келеді.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ

29 қазан 2024 ж. 126 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930