Қазақстанда мобильді аударым жасау ережелері өзгерді. Нені білу керек?
Мән-жайы
Қазақстанда банктер мен микрокаржы ұйымдары үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптары жаңартылып жатыр. Тиісті қаулыны ҚНРДА басқармасы бекітті. Негізгі жаңалықтардың бірі - телефонмен сөйлесу кезінде аударым жасауға тыйым салу.
Енді аударым жасау кезінде телефонының микрофоны қосылған болса, банк қосымшасы ақша операцияларын автоматты түрде бұғаттайды. Сонымен қатар, құрылғыны қашықтан басқару белгілері анықталған жағдайда, қосымша кейбір функцияларды өшіреді немесе операцияларды толық тоқтатады.
Бұдан бөлек, жаңа ережелер банктер мен микрокаржы ұйымдарын міндеттейді:
Жаңа құрылғыдан кірген кезде клиентті биометриялық деректер арқылы сәйкестендіру (Идентификация деректерін алмасу орталығы немесе банктің құрылғылары арқылы);
Барлық кіру, парольді өзгеріту және телефон нөмірлері туралы клиентке хабарлау;
Ақша операцияларын жүргізу кезінде құрылғының геолокациясын сұрату (клиенттің келісімімен);
Қосымшада маңызды тәуекелдер анықталса, оны мәжбүрлі түрде жаңарту;
Үш жылда бір рет ISO/IEC 27001 стандарты бойынша сыртқы аудиттен және жүйелердің тұрақтылығын бағалау үшін тәуелсіз тесттен өту.
Сондай-ақ, қаулы банктер мен реттеуші арасында кибершабуылдар туралы ақпарат алмасуды автоматтандырылған жүйе арқылы ұйымдастыруды көздейді, бұл шабуылдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күннен соң күшіне енеді, ал банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты өзгерістердің негізгі бөлігі 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.










