Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несие бюросына қойылатын талаптар күшейді

Несие бюросына қойылатын талаптар күшейді

фото: Halyq UniҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 16 тамыздағы қаулысымен несие бюросына қойылатын талаптар күшейді.

Осы қаулы арқылы қашықтан қызмет көрсету үшін бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігі бойынша несие бюроларына қойылатын қосымша талаптар белгіленді.

Талаптарға сәйкес, несие бюролары бағдарламалық қамтылымды пайдалануға бергенге дейін оның бастапқы кодының қауіпсіздігіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жояды.

Қаулыда несие бюроларының веб-қосымшалары мен мобильдік қосымшаларын әзірлеудің де, оларды пайдаланудың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі қосымша айқындалған.

Бюролардың мобильді қосымшасынан операциялық жүйесінің қорғаныс тетіктерін бұзу немесе тұтынушының құрылғысын қашықтан басқару белгілері анықталса, қашықтан қызмет көрсетуді бұғаттау көзделген.

Бұл нормалар несие бюроларын бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздік нормаларын күшейтуге міндеттейді. Бұл азаматтар үшін олардың деректерін өңдеу кезінде қосымша қорғаныс болады.

Құжатта несиелік бюроларды агенттіктің ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығының ақпаратпен алмасу жүйесіне қосу бойынша қосымша талаптар айқындалған. Бұл несие бюроларының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс жағдайлары туралы ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді.
​​​
26 тамыз 2024 ж. 327 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 129

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 133

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 113

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 116

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031