Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлі өрендер

Өнерлі өрендер


Жуырда Қазалы ау­­дан­дық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі­нің қолдауымен, Боз­көл ауылдық мәдениет үйі­нің ұйымдастыруымен ха­­лық батыры, даңқты қол­­­бас­­шы – Жанқожа Нұрмұхам­мед­ұлы­ның 250 жылдығы аясында әншілер байқауы өтті.
«Әнім сенсің, ту­ған жер!» атты аудандық патриот­тық әндер байқауға 13-17 жас аралы­ғындағы өнерпаздар қатысты. Жас әншілер байқауын ұйымдастырушылар мақсаты балғын­дардың үйірмеге қызығушылығын арттырып, жас өнерпаздарды халыққа танытып, жастардың шығармашылығын насихаттау болды. Байқауға ауылдық клубтар мен ауылдық мәдениет үйлерінен он екі талапкер қатысты.
Өнер додасына қатысушыларға Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының балалармен жұмыс жөнін­дегі әдіскері – Балқыз Әділбекқызы мен №18 Ақкөгершін бөбекжай балабақ­шасының музыка жетекшісі – Набат Иманғалиева және №96 Қарасақал Ерімбет атындағы мектептің әлеуметтік педагогы, музыка маманы – Дәурен Өтенизов жас әншілерге әділ бағасын берді.
Әділқазылар шешімі бойынша байқау­дың бас жүлдесін Қазалы қаласынан келген Ақерке Қылышбай жеңіп алды. Бірінші орынды лақалылық Айнамкөз Жанұзақ иеленді. Ал екінші орынға тасарықтық Наз Шахмерден мен Ақтан батыр ауылынан келген Ельдар Тойбазар жайғасты. Сонымен қатар үшінші орын кәукейлік Нұрмұхаммед Алданбай, өркендеулік Ақбота Саха және ақсуаттық Ырысалды Дәрменоваға бұйырды. Басқа да талапкерлерге ауылдық мәдениет үйінің дипломы мен ақшалай сыйлықтары табысталды.

Серік АҚМЫРЗА
03 желтоқсан 2024 ж. 238 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031