Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талаптыға табыс көп

Талаптыға табыс көп

Тәуекел ете аласыз ба? Өйткені кәсіпкерліктің шарты осындай. Онсыз ешкім алға жылжи алмайды, кәсіп иесі атанбайды. Мәселен, біз несиеге қымбат қалтафон алуға қорықпаймыз. Ал сол несиеге кәсіп бастау үшін тәуекелге бел буа аламыз ба? Жоқ. «Мүмкін болмай қалса ше?» деген соқыр үрейдің бойды билейтіні жасырын емес. Тың идеясы бар жастар талап қылып, батыл қадам басып келеді.
Өңірдегі кәсіпкердің дені – жастар. Ауданда екі қолға бір күрек ұстап, кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткендердің қатары артқан. Мәселен, соңғы жылдың өзінде кәсіп ашқандар саны еселенген. Солардың бірі – Бақыт Жарылқасынұлы.
Қазалылық жас 2003жылы дүниеге келген. №266 мектеп-лицейде білім алады. Кәсіпке бала күнінен бет бұрған ол бүгінде өз қаражаты есебінен кәсіп бастап, тұрғындарға қызмет көрсетуде.
– Қазіргі таңда телефон аксессуары, телефон ремонттау, авто-мойка кәсібімен айналысып жатырмын. Негізі 10жасымнан бастап әкемнің қасында жүріп үйреніп, кәсіпке жастайымнан бейімделгенмін. Авто-мойка кәсібін 2024 жылы қолға алдым. Бүгінде тиісті құжаттары рәсімделіп, атауы енді қойылады. Одан бөлек базар маңында «Әл-Фараби» телефон аксессуары, телефон ремонттау атты дүкенім бар. Алға қойған жоспарларым көп. Әуелі Алла одан кейін ата-анамның арқасында жоспарларым орындалады деген үміттемін. Қазір дамыған заман. Әр адамда бір-бір телефоннан бар. Сол мақсатта ашып, дамытып, алға қарай өсіп-өркендеткім келеді, – дейді Бақыт Шымберген.
Мұндағы қызметке тұрғындар дән риза. Көкжиегін кеңейтіп, жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін талаптанып жүрген жас кімге болса да үлгі болары хақ.
– Адам бір орында тоқтап қалмау қажет. Қазір орда бұзар отыз жаста да әке-шешесінің мойнына мініп, жұмыссыз сенделгендер баршылық. Адам талпынбай жетістікке жеткенін көріп пе едіңіз? Басында әрине, қорқыныш сезімі болғаны жасырын емес. Бірақ жеңе білу керек. Талпыну қажет. Тынбай еңбек етіп, маңдай тердің жемісін, нәтижесін көргеннен асқан бақыт жоқ. Алға қойған мақсатым көп. Бұйырса ол армандарымның да орындаларына сенемін, – дейді жас кәсіпкер.
Иә, кәсіп етемін, көсегемді көгертемін деген жанға қазір ешқандай кедергі жоқ. Арман мен ниет тоғысса алынбайтын асу, бағынбайтын қамал жоқ.

Айнұр ӘЛИ

14 қаңтар 2025 ж. 47 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 24

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 77

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 59

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 53

Талаптыға табыс көп

14 қаңтар 2025 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031