Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенттегі кезекті жәрмеңке

Кенттегі кезекті жәрмеңке

Өткен сенбіде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Қазалы қаласы мен ауылдық округтерден 10 тонна картоп пен көкөніс ұсынылды. Сонымен бірге, 6 тонна күріш, 3 тонна асқабақ саудаға түсті. Бұған қоса, 3 тонна балық, 20 қой және «Қазалы» конфеті әкелінді.
Жергілікті өнімдерге сұраныстың жоғары екендігін Әйтеке би кенті орталығындағы Қ.Пірімов көшесінің бойына жиналған қауымның қарасынан байқауға болады.
Әсіресе тұрғындар картоп, пияз, және асқабақ сынды өнімдерді көбірек сатып алды. Жәрмеңкенің басты артықшылығы – мұндағы өнім бағасының қолжетімділігі. Жәрмеңкеге жеткізілген азық-түлік нарық құнынан біршама арзан бағада саудаланды. Тұрғындар бұл жеңілдікке дән риза.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арзандатылған бағада өтіп жатқан жәрмеңкені аралап, ауылдық округтерден келген ет, сүт, балық өнімдері мен көкөністердің бағасын көріп, тұрғындармен тілдесті.
Тұрғындар жәрмеңкеге шығарылған ауыл шаруашылық өнімдерін көптеп алып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ халықтың игілігі үшін жасалатын дәл осындай шаралардың жалғасын табуына тілектестік білдірді.

Арайлым ЖҮСІПОВА
22 қараша 2022 ж. 407 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930