Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі науқан барысы назарда

Күзгі науқан барысы назарда

Бүгінгі таңда қазалылық диқандар күзгі жиын-терін науқанын қызу қарқынмен жүргізіп жатыр. Аудан басшылығы бұл жауапты кезеңнің ұйымдастырылуы мен орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстап, шаруашылықтардың егін жинауға дайындығын, техникалық жарақтандырылуын және өнім сапасын назарда ұстауда.
Осы мақсатта Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітов, сондай-ақ «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Нұрлан Әбілдаев жұмыс сапарымен бірқатар агроөнеркәсіп нысандарын аралады.
Іссапар барысында аудан басшылары алдымен «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің қырман басына барды. Мұнда күріш жинау науқанының барысымен, астықты қабылдау, кептіру және сақтау жұмыстарымен танысты. Шаруашылық басшылығы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде толық ақпарат беріп, биылғы өнімнің сапасы мен көлемі туралы баяндады. Аудан басшылары астықты тиімді әрі шығынсыз қабылдау мәселесіне ерекше назар аударып, қоймадағы сақталу жүйесіне мән берді.
Келесі нысан – «Агро Өркен» ЖШС-не қарасты күріш зауыты болды. Онда зауыттың өндірістік әлеуетімен, күріш ақтау және қаптау желілерінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығы зауыттың техникалық жабдықталуы, өңдеу қуаттылығы, сондай-ақ экспорттық әлеуеті туралы мәлімет берді. Қазіргі таңда мұнда дайын өнімнің айтарлықтай көлемі ішкі нарыққа және сыртқы бағытқа жөнелтіліп отыр.
Жұмыс сапарының қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев егін жинау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, агроқұрылымдар басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу мен сақтауда заманауи технологияларды қолданудың өзектілігін де тілге тиек етті.
Мұнан соң жұмыс тобы бірнеше ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіс алқаптарын аралап, егін жинау барысымен танысты. Атап айтқанда, «Агро Өркен» ЖШС, «Ақмаржан» ШҚ, «ӨТЕ» ШҚ, «РЗА Агро» ЖШС және «Береке» ШҚ-ның алқаптарында болып, диқандардың науқанды ұйымдастыру деңгейін бақылады.
Бақылау барысында шаруашылықтардың техникалық қамтылуы, жұмыс күші мен өнімділік деңгейі зерделенді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары жауапты науқанды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралардың қабылданғанын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев сапар соңында егін науқанына қатысып жатқан еңбек адамдарының еңбегін ерекше атап өтті. Ол шаруашылықтарда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, техниканың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету, күрішті уақытылы жинап алу және өнімді дұрыс сақтау ісін басты назарда ұстау қажеттігін айтты.
– Егін жинау – жыл бойғы еңбектің қорытындысы. Сондықтан әр тонна өнімді ысырапсыз жинап, сапалы сақтау – басты міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда болуы тиіс, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ


07 қазан 2025 ж. 140 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031