Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол инфрақұрылымы жақсаруда

Жол инфрақұрылымы жақсаруда

«Жол – экономиканың күре тамыры» десек, бұл сөздің өміршең екеніне дәлел аз емес. Қай елдің болмасын өркендеуі, халықтың тұрмыс сапасы ең алдымен жол қатынасына байланысты. Соңғы уақытта ауданда да осы бағыттағы жұмыстарға айрықша көңіл бөлініп келеді. Жаңа жолдар салынып, ескілері жаңартылуда. Мұның барлығы ауылдар арасындағы байланысты жақсартып, елді мекендердің дамуына жаңа серпін беруді көздейді.
Сала мамандарының сөзіне сенсек, бүгінде Әйтеке би кентінде 16 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, Басықара ауылындағы Т.Мұсабаев, Жалаңтөс батыр ауылындағы Ә.Тілеубаев пен Жалаңтөс батыр көшелері қайта қалыпқа келтірілуде. Сондай-ақ Қазалы қаласының 10 көшесі де жаңғыртудан өтуде.
Аудан орталығын шалғай елді мекендермен байланыстыратын жолдар да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, «Қазалы – Көларық – Бекарыстан би – Жаңақұрылыс» бағытындағы 6,5 шақырымдық және «Жанқожа батыр елді мекеніне кіреберіс» 3 шақырымдық автомобиль жолдарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Жол құрылысының сапасын бақылау мақсатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев Жалаңтөс батыр ауылындағы Ә.Тілеубаев пен Жалаңтөс батыр көшелерінде атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол мердігер мекемелердің басшыларына жол сапасына баса мән беруді және жұмыстарды мерзімінде аяқтауды қатаң тапсырды.
Ауылдық округтердегі көшелер де назардан тыс қалған жоқ. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жалаңтөс батыр ауылындағы екі көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Қазалы Жолшы» ЖШС атқаруда. Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 2,244 шақырымды құрайды.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
27 қыркүйек 2025 ж. 122 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031