Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол сапасы бақылауда

Жол сапасы бақылауда

Жолдың жайы - бұрыннан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. "Жол қадірін жүрген біледі" деген тәмсіл де оның машақатын түсінгендер тарапынан айтылса керек. Ал мұндай олқылықты болдырмау - бүгінгі заманның талабы. 
Аудандағы көшелердің жайы жақсарып, жөндеу жұмыстары жандануда. Атқарылып жатқан жұмыс қаражат пен еңбекті, ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Тұрғындардың жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында қазір көшелер көркейіп келеді. Өткен жылы Қазалы ауданы бойынша 27,5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жол құрылысы жөндеуден өткізілді. Ал биыл ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолымен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары аяқталды.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы көшелерге жүргізіліп жатқан орташа жөндеу және көшелерді қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Қазір Әйтеке би кентіндегі Амангелді, Қобыланды батыр, С.Жәрімбетов, Төремұрат жырау және Нұрхатов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, Қазалы қаласында 10 көше қайта жөнделуде.
Кент пен қала көшелеріндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрген аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты өкілдері мен тиісті сала басшыларына жол құрылысының ең әуелі сапасына мән беріп, мерзімінде уақытылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Иә, ел экономикасы қарыштап дамыған сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Ауданда да атқарылып жатқан жұмыстар легі қарқынды. Мұндай игі істердің оңтайлы жүзеге асып жатқанына аудан тұрғындары да дән риза.

Айнұр ӘЛИ

07 қазан 2025 ж. 112 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031