Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табысты кәсіп – берекелі нәсіп

Табысты кәсіп – берекелі нәсіп

Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды көздеген кәсіпкерлер саны артуда. Атап айтар болсақ, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің тұрғыны Ербол Әбілтаев осы күні мүйізді ірі қараны бордақылаумен айналысады. Ол бала шағынан әкесіне еріп, маңдай термен еңбектеніп, қалай кәсіп жасау жолдарын үйренген. Әкелі-балалы халықтан союға мал алып, жіліктелген етін әжептәуір қаржыға өткізіп ақша табатын. Ер жете келе бар береке төрт түлікте екенін түсінген Ербол кейін жиылған қаражатқа 5-6 бас сиыр алып, өзі мал бағуды қолға алады.
Жас кәсіпкер ісіне қосымша көмек ретінде 2014 жылы «Береке» бағдарламасымен «Ауылды қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 пайызбен 2,5 миллион теңге несие алады. Бұл қаражатты тұяқтылардың жем-шөбіне жұмсайды. Бүгінге дейін сиырларымен қатар, 300 бас қой да баққан. Биылдан бастап, тек ғана мүйізді ірі қараны бордақылау ісін дамытуды жөн көреді.
Қазір Ербол 50 бас мүйізді ірі қараны бордақылауға арналған қыстық база салдырып жатыр. Кәсіпкердің айтуынша, қайсыбір істі қолға алғанда ерекше құштарлықпен қарау керек.
«Жанұяда жалғыз болғандықтан да шығар, еңбекке ерте араластым. Әкемнің ізіне еріп, мал союды үйрендім. Оны базар, дүкендерге өткізіп кәсіпті дөңгелету қыр-сырына қанықтым. Қазір мал басын көбейтіп, оларды 6 ай бордақылаумен айналысамын. Мен үшін кәсібім ерекше құмарлық сезімімді оятады. Өйткені, өзгелердей жәй ет өткізгім келмейді. Керісінше, әрбір ірі қараның салмағын екі есе көбейтуді көздеймін. Сонда ғана нағыз еңбегімнің жемісін татып, одан ләззат аламын. Бір өкініштісі, ауыл тұрғындарындағы мал тұқымы азып кеткен. Асылтұқымды бұқа жоқ, болса бірлі-жарымында ғана бар. Сол себепті де аудан төңірегінен алған ірі қара малы аса салмақ қоса бермейді. Сондықтан жеке көлігіммен Қостанай жақтан бір рейс бағытымда 15 бас мал әкелемін. Бұл әрине, аз шығын емес. Бірақ барға қанағат етемін», – дейді Ербол Бақытұлы.
Бүгінде Ербол 3 адамды жұмыспен қамтыған. Отбасында зайыбы Ақжанай екеуі 2 ұл, 2 қызды тәрбиелеуде. Алдағы уақытта кәсібін үлкейтіп, дамытуды жоспарлап отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

11 қыркүйек 2018 ж. 1 885 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930