Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ашылды

Қазақстанда жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ашылды

Фото: Halyq Uni
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырған болатын. Тапсырманы орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды.

Жаңа құрылған институттың жұмысы – асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көзделіп отыр.

Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек. Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылыветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады, – деді сала мамандары.

Ақпаратқа сәйкес, 2035 жылға дейін жылқы шаруашылығында ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының бірі отандық популяциядағы жылқылардың генетикалық әлеуетін селекциялық, технологиялық әдістермен арттырып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің тауар шаруашылықтарына кеңінен енгізу болмақ. Мұның бәрі тұқым өнімділігінің 20-25%-ға өсуін қамтамасыз етеді.
19 қараша 2024 ж. 155 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031