Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Кеше аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен медициналық әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру жүйесіне байланысты мәжіліс өтті.

Басқосуда аудан бойынша медициналық әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған тұлғалар санының төмендемеуі сөз болды. Бұл жөнінде аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Раушан Қалуова хабарлама жасап, аудан тұрғындарын сақтандыру жүйесіне тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мәжілісте Дәурен Оңғарбайұлы сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналардың уақытылы төленбеу салдарынан сақтандырылмаған азаматтар саны төмендемей отырғанын айтып, бұл өз кезегінде медицина мекемелерінде қызмет сапасының төмендеуіне алып келетінін жеткізді.


Сонымен қатар тиісті бөлімдер мен мекеме-кәсіпорындарға және ауыл әкімдеріне аудан бойынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандар тұрғындардың нақты тізімін жасап, тұрғындарды сақтандыру жүйесіне тарту бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма берді.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 қараша 2023 ж. 359 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31