Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Ауданда ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілікті атқарып жүрген мәртебелі мамандық иелерінің төл мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Ғұмырын білімге, жүрегін ұрпаққа арнаған...» атты мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Ұстаз – адам бойындағы асыл қасиеттерді оятып, ұрпақ санасына білім мен парасаттылықты сіңіретін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша ұстаздар қауымына аудан жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды айтамын. «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірімен қазыналы Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Биылғы жылдың басында Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі» пайдалануға берілсе, аудандағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Сонымен бірге биыл аудандағы №234, 70, 266, 249, 98, 165, 88, 216, 95 сынды 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталды. Бүгінде ауданымызда 38 білім ошағы, ал жалпы ауданымыздағы білім беру ұйымдарында 2500-ден астам ұстаз жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде толымды жұмыс жасауда. Оның ішінде 6 «педагог-шебер» ұстазымыз бар, бұл көрсеткіш аудандар арасында алдыңғы орында. Биылғы оқу жылына 10 мұғалім «педагог-шеберге» үміткер атанып отыр. Өткен оқу жылында аудан бойынша 11-ші сыныпты 944 оқушы тәмамдаса, оның 859-ы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Қуантарлығы сол, оның ішінде 543 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. Өткен оқу жылында мектеп бітіруші 100 түлек «Алтын белгі» белгісін иеленіп, оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері атануда. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» десек, бұл көрсеткіштерге жетуде мұғалімдердің жасап жатқан еңбегі ұшан-теңіз, – деді аудан басшысы.
Бұдан кейін білім саласында толағай табысқа жетіп, шәкірттерді шыңға шығарып жүрген бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыс, аудан әкімінің және білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Алтынгүл Мұратбайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі және бірқатар ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Марапаттау рәсімінен кейін мерекеге орай сахна төріне аудан әкімінің ықылас гүлі шығарылып, барша ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Ұлағатты ұстаздардың құрметіне арналған көңілді кеште аудан өнерпаздарымен бірге өнерді жанына серік еткен аяулы ұстаздар мен өнерлі оқушылар ән-күйден шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір серпілтті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

04 қазан 2025 ж. 211 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031