Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда идеологиялық актив отырысы өтті

Қазалыда идеологиялық актив отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті.

Активке аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері және онлайн форматта кент, қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Актив жиынында аудан басшысы Мұхтар Оразбаев осынау маңызы зор Жолдау жүктеген міндеттерге қатысты сөз қозғады.

– Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, адам құқығын қорғауға бағытталған бастамаларын жариялады. Осылайша, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудағы 5 бастама айқындалды, – деген аудан басшысы маңызды құжаттың негізгі міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, Жолдаудан туындайтын бірқатар шараларды жүзеге асырудың жолдарын ұсынып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.


Басқосуда облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры, Қазалы кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Ібайдулла Тілеп, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбілов, №276 орта мектеп директорының орынбасары, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Бағдат Орымбас, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Ғ.Мұратбаев музейінің директоры Роза Асанова Жолдауда белгіленген бағыттар бойынша баяндама жасап, өз ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдау білдірді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі сөз соңында Жолдауда берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 қыркүйек 2021 ж. 278 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 86

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930