Президент Жолдауынан туындаған тапсырмалар сапалы орындалуы тиіс


Жиында алдымен Жалғас Оңғарұлы Жолдауда айтылған барлық бағдар бойынша нақты шаралар қабылдап, оны сапалы іске асыру бағытында жұмыс жасау керектігін айтты. Осыған сәйкес тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне Мемлекет басшысы айтқан ел экономикасын дамытудың 7 маңызды негізгі бағыттары - инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік логистикасын, экономиканы, адам капиталын, елімізді цифрлық дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты және басқа да барлық салаларда жолдауда көрсетілген әрбір бағыт бойынша берілген тапсырмаларды жүйелі іске асыруды тапсырды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен халықтың мүддесіне бағытталған Жолдаудың маңызына тоқталып, ел игілігі жолындағы жұмыстарды ауызбіршілікпен бірлесе атқаруға шақырды.
Мәжіліс соңында Жалғас Оңғарұлы ауыл әкімдері мен жауапты сала басшыларына күн тәртібінен бөлек басқа да өзекті мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.