Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызбай Байқадамов ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды

Наурызбай Байқадамов ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIII сессиясы өтті. Сессияға облыс әкiмi Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық басқармалар және аумақтық инспекциялардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері, мәслихат төрағалары және активі бейнебайланыс жүйесі арқылы қосылды.

Айта кетейік, 25 сәуір күні ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтіп, нәтижесінде 78,9% дауыспен Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы сайланды. Бүгінгі сессияда ҚР Парламенті Сенатына сайланған Наурызбай Байқадамовтың мәслихат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Облыс әкімі Сенат депутатын жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

«Өңірде атқарылған ауқымды шаралардың әркез басынан табылып, облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде халық қалаулыларын мақсатты жұмыстарға жұмылдыра білген Наурызбай Сейтқалиұлының еңбегін ерекше атап өту қажет. Наурызбай Сейтқалиұлы тарих ғылымдарының кандидаты ретінде ғылым саласында нәтижелі еңбек етіп, әр жылдары ауқымды әрі күрделі сала облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихаттың хатшысы, төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы қызметінде нәтижелі жұмыстар жүргізді. Облыстық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде жұмыстарды жоғары деңгейде үйлестіріп, ел мүддесі жолында адал қызмет еткен Наурызбай Сейтқалиұлына Сыр өңірі халқының және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Наурызбай Сейтқалиұлына облыстың ең жоғарғы наградасы - Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Наурызбай Байқадамов «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының 6-шы, 7-ші, 8-ші шақырылымында мәслихат хатшысы және өзге де жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Қызмет барысында өңірдің идеологиялық бағыттағы маңызды жұмыстарына атсалысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 сәуір 2024 ж. 125 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 75

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 98

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 98

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 97

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 98

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031