Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ипотека алу шарттары қайта қаралуы мүмкін

Қазақстанда ипотека алу шарттары қайта қаралуы мүмкін

Фото: Midjourney
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі және оны төмендету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банк басшысы қолданыстағы ипотекалық мөлшерлемелердің шынында да "өте жоғары болып отырғанын" мойындады.
"10–15–20 жылға 25 пайыздық ипотека – бұл өте жоғары мөлшерлеме. 25 пайыздық мөлшерлемемен тіпті 10 жылға алса да, артық төлем орасан зор болады. Мұндай төлемдерді қазақстандықтардың көтере алуы не алмайтыны – үлкен сұрақ", – деді ол брифинг барысында.
Ұлттық банк басшысының сөзінше, жақында кредиттік мөлшерлемені 25-тен 20 пайызға дейін төмендету мәселесі қаралған.
"Мүмкін, қосымша зерттеу, бастапқы жарнаны арттыру немесе басқа да қосымша шарттар қажет болар. Сонда мөлшерлемені сәл төмендету нұсқасын қарастыруға болады", – деді Сүлейменов.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов әлеуетті қарыз алушыларға кеңес берді:
"Жалпы, менің кеңесім мынадай: егер сіз мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сай келсеңіз, соларды пайдаланғаныңыз дұрыс. Немесе біраз күте тұрған жөн, базалық мөлшерлеме және сәйкесінше ипотека бойынша нарықтық мөлшерлемелер төмендей бастағанша", – деп түйіндеді ол.

01 қыркүйек 2025 ж. 233 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930