Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты түсінік берді

Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты түсінік берді

Фото: freepik.com
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірді.  Ұлттық банк басшысының айтуынша, теңге бағамы сұраныс пен ұсыныстың әсеріне қарай қалыптасады. Өйткені ұлттық валюта еркін айналымда болады.

«Курс бағамын ондаған, жүздеген мың адам қалыптастырады. Егер сіз 1 000 доллар сатқан болсаңыз, демек сіз ұсынысты арттырдыңыз, ал сатып алсаңыз, сұранысты арттырып отырсыз», - деп түсіндірді Мәжілістің жалпы отырысы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банктің 30 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге. Еуро –531,28 теңге.

«Егер АҚШ сайлауы және ОПЕК + шешімінен кейін айтарлықтай геосаяси өзгерістер болмаса және біздің ішкі экономикамызда қандай да бір құбылыс болмаса, менің ойымша, курс бағамы ағымдағы мәнде болады», - деп толықтырды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы 2025 жылғы инфляция динамикасына қатысты түсінік берді. Сондай-ақ Тимур Сүлейменов биыл тоғыз айдың ішінде жалпы ішкі өнім 4 пайызға артқанын айтқан еді.
30 қазан 2024 ж. 52 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930