Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: pixabay.com
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өсуіне қазақстандықтарға алаудаушылық білдірудің қажеті жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің брифингінде журналистер Сүлейменовтен жыл соңына дейін доллар қаншаға көтерілуі мүмкін екенін сұрады.

"Біз Қазақстанда тұрамыз. Ұлттық валютамыз – теңге. Төлем жасап, жалақы мен несие аламыз. Сондықтан бізде қандай инфляция мәселесі бар деп алаңдау керек. Ал доллар тек ақпараттық, сараптамалық мақсатта немесе шетелге шыққанда керек болады", – деді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы Қазақстан экономикасының іргелі факторларының да жаман емес екенін атап өтті.
"Иә, былтырмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқыны төмендеді. Соған қарамастан экономикалық төлемдер 3%-дан асып, 1,8 миллард теңгеге шақты. Мұның бәрі теңгенің тұрақты болуы үшін жақсы әрі іргелі фактор", – деп түсіндірді ұлттық банк басшысы.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк базалық ставканы 14,5%-дан 14,25%-ға дейін төмендету жөнінде шешім қабылдағанын жаздық. Ұлттық банк мәліметінше, мамыр және маусымда жылдық инфляцияның біртіндеп төмендегені байқалған. Инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарларының төменірек инфляциясы, сондай-ақ тарифтік реформаны іске асыру қарқынының бәсеңдеуі негізгі үлесті қосып жатыр.
12 шілде 2024 ж. 166 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031