Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көктайғақ болып, үсік жүреді»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Көктайғақ болып, үсік жүреді»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Фото: PixabayФото: Pixabay

2026 жылғы 16 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде суық болып, үсік жүретіні болжанады: -4...-6°С.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде суық болып, үсік жүретіні болжанады: -1...-6°С. Қонаевта түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Түнгі ауа температурасы: -1...-3°С.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады, көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Павлодарда тұман түседі деп болжанады.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын түседі, негізінен, қар жауады, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстансоққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың батысында, орталығында 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда да солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.

16 қазан 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031