Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Ауданда өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Қазалы ауданында өнеркәсіп өндірісін ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асуда. Жыл басынан бері өндіріс көлемі артып, жаңа нысандар ашылып, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет мәлімдеді.
- Аудан экономикасында оң өзгерістер байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл басынан бері айтарлықтай өсіп, өңдеу өнеркәсібі негізгі үлесті иеленіп отыр. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігі жоғары - 5 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істеп, айтарлықтай өнім өндіруде. Алты ай ішінде бірнеше жаңа кәсіпкерлік нысан ашылып, ондаған адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге несие мен грант түрінде қомақты қолдау көрсетілді. Ұлттық инвестициялық платформаға бірнеше ірі жоба енгізіліп, оның кейбірі жыл соңына дейін іске қосылады. Соның бірі - «Арал Рыбторг» ЖШС-нің балық шаруашылығы жобасы, оған жер телімі бөлініп, құрылысы жүріп жатыр. Бөлшек сауда айналымы да өсім көрсетуде. Біз кәсіпкерлікті әрі қарай дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық береміз. Экономиканы әртараптандыру және бизнеске қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
27 шілде 2025 ж. 237 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930