Үй алғысы келетін жастарға қандай жеңілдік бар?
Қазақстанда некеге тұрғанына бес жылдан аспаған ерлі-зайыптыларға арналған арнайы ипотекалық бағдарлама іске қосылды. «Жас отбасы» деп аталатын бұл жоба арқылы жас жұбайлар баспананы жеңіл шартпен ала алады. Бағдарламаны «Отбасы банк» жүзеге асырады.

Басты артықшылық – жылдық 5 пайыздық мөлшерлеме. Алғашқы үш жылда мөлшерлеме 6% болса, кейін ол 5%-ға, кей жағдайда 3,7%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың неке құрғанына 5 жылдан аспауы тиіс, ал жастарына шектеу жоқ. Несиеге пәтер сатып алуға, жер алып үй салуға немесе жөндеу жұмыстарына жұмсауға болады. Қарыз сомасы – 100 миллион теңгеге дейін.
Қатысу жолы:
- Алдымен «Жас отбасы» атты арнайы депозит ашу қажет (бұрынғы салым есепке алынбайды).
- Әйелі де, күйеуі де бөлек есепшот ашса болады, бірақ ипотека рәсімделерде екеуі біріктірілуі тиіс.
- Кемінде бір жыл бойы ай сайын ақша жинап отыру керек.
- Баспана құнының 50 пайызын өзіңіз жинауыңыз қажет.
- Бірінші кезеңде қатысушыға аралық қарыз беріледі. Үш жылдан соң ол тұрғын үй несиесіне ауысады, осы кезде пайыз төмендейді.
Мысал: Егер үй 25 млн теңге тұрса, оның жартысы – 12,5 миллионын сіз жинайсыз, қалған соманы банк несие ретінде береді.