Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау ережесі өзгерді

Қазақстанда мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау ережесі өзгерді

Фото: Stan.kz
2025 жылы 16 маусымнан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау және төлеудің жаңартылған қағидалары күшіне енді. Тиісті №166 бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 30 мамыр күні қол қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңашылдықтардың басты мақсаты – жүйені анағұрлым нақты әрі әділ ету. Енді мемлекеттік көмек рәсімдеу кезінде өтініш берушінің табысы ғана емес, шығындары да ескеріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспары бойынша, бұл өзгеріс шынымен мұқтаж жандарды анықтап, көмекті дәл сол адамдарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Өтініш берген кезде барлық қажетті деректер "электрондық үкімет" жүйесі арқылы автоматты түрде жиналады. Ақпарат түрлі мемлекеттік органдардың дерекқорынан алынады – азаматтық мәртебесінен бастап, тіркелген мекенжайы, көлік пен жылжымайтын мүлік иелігі, депозиттер, банктік қарыздар мен жұмыс не бизнестен түсетін табыстарға дейін. Тіпті банк карталары арқылы жасалған шығындар да есепке алынады.
Сондай-ақ, азаматтың асырауындағы адамдардың оқып жүргені, алименттің тағайындалуы, еңбекке жарамдылығы мен біліктілік деңгейі де тексеріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті отбасының әрбір мүшесіне есептелетін орташа табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар ала алады. Бұл көмекке келесі санаттағы адамдар үміткер бола алады:

Қазақстан азаматтары;
Қандастар (тарихи Отанына оралған этникалық қазақтар);
Босқындар;
Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар.
Отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысы — бұл отбасының жалпы табысын отбасы мүшелерінің санына бөліп есептеледі.
2025 жылдан бастап Қазақстанда кедейлік шегі — өтініш берілген тоқсаннан алдыңғы тоқсандағы медиандық табыстың 35%-ына тең, бірақ ол сол кезеңдегі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауы тиіс.

Қазіргі уақытта АӘК-ті алу үшін азаматтар:
Тұрғылықты жері бойынша әкімдікке,
Мансап орталығына,
Немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.
Өзімен бірге тек жеке куәлік (немесе шетелдік азаматтың ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі немесе қандас куәлігі) болуы жеткілікті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы АӘК төлемдеріне 39,5 миллиард теңге жұмсалған. Ал 2025 жылы 1 миллион адамға атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 132,9 миллиард теңге қарастырылған.
17 маусым 2025 ж. 166 0

Тағылымға толы кездесу

17 маусым 2025 ж. 191

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30