Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +46°С-қа дейінгі ыстық, шаңды дауыл және нөсер жауын: елдің қай өңірлерінде ескерту жасалды

+46°С-қа дейінгі ыстық, шаңды дауыл және нөсер жауын: елдің қай өңірлерінде ескерту жасалды

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 41-44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
04 шілде 2025 ж. 311 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031