Өрт қаупі, дауыл, бұршақ: 4 маусымда ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» мамандары 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қ.: 4 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде 36 градус қатты ыстық. 4-6 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с күтіледі. Облыстың бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 4 маусымда Ақтөбе облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.