Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "7-20-25" бағдарламасы тұрғын үйге мұқтаж жандарды көбірек қамтымақ

"7-20-25" бағдарламасы тұрғын үйге мұқтаж жандарды көбірек қамтымақ

Келесі жылдан бастап "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жаңартылған шарттармен жұмыс істейді. Бағдарламаның маңызды өзгерісі – тұрғын үйге мұқтаж халықты, әсіресе баспанаға аса зәру азаматтарды барынша қамтуға бағытталған қадамдар күшейтілді.

Жаңартылған шарттарға сәйкес, "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушының, сондай-ақ оның жұбайының кейінгі 18 айда Қазақстан аумағында өз атына тіркелген тұрғын үйі болмауы қажет. Бұл талап қарызды рәсімдеу алдында банктер арқылы тексеріледі, сондықтан болашақ қарыз алушылар осы шартты ескергені жөн.

"7-20-25" бағдарламасының 2025 жылғы қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады – 100 миллиард теңгеге дейін. Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап бағдарламада жыл сайынғы 100 млрд теңге көлеміндегі кредиттеу лимиті бекітілген.

Бағдарламаның операторы – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ банктердің бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін қазіргі бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. "7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері: Freedom Банк Қазақстан, ЦентрКредит Банкі, Halyk Bank, RBK Bank, Altyn Bank, Еуразиялық банк, Fortebank.


13 қараша 2024 ж. 71 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031