Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық банктердің қайсы тиімді автонесие ұсынады? Сарапшылар не дейді?

Қазақстандық банктердің қайсы тиімді автонесие ұсынады? Сарапшылар не дейді?

Kyzylorda-news.kz Көпшілік көлікті автонесие арқылы алады. Алайда әр банкте қарыз алу шарттары әртүрлі. Қазақстанда автокредитті отандық 21 екінші деңгейлі банктің 10-ы ұсынады. Қазақстандықтар үшін өнімі қолжетімді 10 банктің 7-еуі автонесие ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндағы ең маңыздысы – мөлшерлеме. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен автокредит бойынша максималды мөлшерлеменің жылдық шегі 35%-дан (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) аспауға тиіс. Сол үшін банктерді дәл осы максималды сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі бойынша талдайды. Себебі минималды мөлшерлеме бірқатар жағдайларда қолжетімді, ал тұтынушыларға әдетте жоғарғы шек маңызды.
  • ForteBank ең төмен максималды сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 25,3%-ды ұсынады. Банк жаңа және 8 жастан аспаған тұрған автокөліктерді қаржыландырады.
  • Банк ЦентрКредит және Freedom Bank максималды сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 25,6%-ды ұсынады. Бұл ретте Банк ЦентрКредит жаңа автокөліктер үшін ғана осындай мөлшерлемені белгілейді, ал ескі автокөліктер үшін мөлшерлеме 32,24%.
  • Halyk Bank жаңа автокөліктер үшін 28,3% және ескі автокөліктер үшін 30,1% ұсынады. Bereke Bank және Евразийский Банк максималды сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемені 35%-ға теңестіреді.
Екінші деңгейлі банктердің сайттарында берілген ақпаратқа сенсек, автокредит мөлшерлемелері бойынша ең тиімді шарттарды ForteBank ұсынып отыр.
Автокредитті ресімдеуге болатын ең ұзақ мерзім – 7 жыл. Қарастырылып отырған Қазақстандағы 7 екінші деңгейлі банктердің алтауы осындай мерзімді ұсынады. Максималды сома – 18 миллионнан 50 миллион теңгеге дейін. Толығырақ өнім картасынан көруге болады.
Қазақстандықтар үшін көлік сатып алу әлі де өзекті. Биыл ақпан айының басында Қазақстанда 5,1 миллион жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 7,6% көп. Еліміздегі жеңіл автокөліктердің үштен екісінің шыққан жылы 10 жылдан асып кеткен. Оның 1,2 миллионы 10 жылдан 20 жылға дейін, ал 2,2 миллионы 20 жылдан бері қолданылып келе жатқан көліктер.
Автонесие автопаркті жаңартуға ықпал етеді, ал бұл экологиялық жағдайды жақсартады. Жолдағы қауіпсіздікті күшейтеді және жалпы азаматтардың өмір сүру сапасын арттырады.
Фото: freepik.com
10 наурыз 2025 ж. 85 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31