Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрілік заттарды тіркеу жеңілдейді

Дәрілік заттарды тіркеу жеңілдейді

Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында дәрілік препараттарды тіркеу және олардың айналымы саласында рәсімдерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.    
Фото: azh.kz
Қолданыстағы ережелер шеңберінде дәрі-дәрмектерді Қазақстанда айналымға жіберу рәсімі 2 жылдан 5 жылға дейін уақыт алатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, композиттік қызметті пилоттау жүргізіліп жатыр. Композиттік қызмет шеңберінде ішкі тіркеу процестерін оңтайландыруды көздейтін норма іске асырылмақ. Дәрілік препараттарды тіркеу 100 күн ішінде жүргізіледі", – деді Ержан Нұрлыбаев.
Тағы бір жаңалық – Еуропалық Одақ, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания елдерінен әкелінген дәрі-дәрмектерді жедел тіркеу. Дәрілік препараттарды тіркеу мерзімін 15 жұмыс күні ішінде жүргізу жоспарда бар.
Сондай-ақ вице-министр ведомство дәрілік заттарға баға белгілеудің ашық моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізгенін хабарлады.
"Баға моделі өзгертілді. Біздің ойымызша, дәрілік заттардың шекті бағасына негізсіз қосылған үстеме бағалар алынып тасталды. 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық дәрілік препаратты қайта есептеу жүргізіледі. Қазір фармацевтикалық қоғамдастықпен аталған модельді сынақтан өткізуге қатысты белсенді жұмыс жүргізілуде. ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік препараттардың құны шамамен 19%, көтерме-бөлшек саудада шамамен 30% төмендейді деп күтілуде", – деп мәлімдеді Ержан Нұрлыбаев.
04 маусым 2025 ж. 267 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031