Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда ахуал тұрақты

Ауданда ахуал тұрақты

Бүгінде құқық қорғау саласының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті жіті қадағалауда. Соның нәтижесінде аудан көлеміндегі криминогендік ахуал тұрақты. Атқарылған профилактикалық жұмыстар бойынша осы жылдың 3 айында қылмыстылық деңгейі біршама төмендеген.
Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Асылбай Аңсатовтың айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыстар 22,2 процентке түскен. Ауырлығы орташа және орта қылмыстар да төмендеу байқалады. Ол 30,8 процентті құрап тұр.
Алайда қабылданған шараларға қарамастан «Отбасы тұрмыстық жағдайда» 0-ден 1-ге және бұрын сотты болғандармен 9-дан 10-ға өсті. Кәмелетке толмағандармен 2 қылмыс орын алды. Жоғарыдағы қылмыс санаттарының өсім алуына былтыр маусым айында күшіне енген отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы заңдағы 108 және 109 баптары ықпал етуде. Дегенмен бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексерумен 6 қылмыстық іс аяқталды. Ал 8 іс теріс қылықпен өндірістен толық түйіні ашылды. Бұл күні жедел қызмет саласында 6 қызметкер жұмыс атқаруда. Атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында бүгінгі таңда тоқтамда 1 орта дәрежелі интернет-алаяқтық қылмысы бар. Аталған қылмысты ашу мақсатында ОПД Киберпол басқармасымен бірлесіп, кешенді жедел-іздестіру жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 4 қылмыс тоқтамда болып, 2025 жылмен салыстырғанда – 75,0 процентке азайып отыр.
Ауыр қылмыс – 7 дерегі тіркеліп, барлығы ашылды. Қазіргі таңда тоқтамда ауыр санаттағы қылмыс жоқ. «Ұрлық түбі қорлық» екендігін біле тұра осы әдетке баратындар бар. Бұл қылмыс бойынша – 3 дерек тіркелді.
Мүліктік бағдарлама аясында соңғы үш жылда орын алып, ашылмай қалған мал ұрлығы саралануда. Оларды ашу бағытында қызметкерлермен топ құрып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
– Алаяқтық қылмысына қатысты 5 іс есепке алынды. Тұрғындарға алданып қалмаудың бағыт-бағдарын түсіндіру мақсатында күнделікті профилактикалық жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Осы күні ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі, 297-бабымен және есірткі зертханаларын анықтау бағытында жедел іс-шаралар іске асырылуда. Нашақорлықтың да алдын алу бағытындағы шараларды қолға алып, аудан көлемінде адамдар көп шоғырланатын орындарда және білім беру орындарында түсіндірме ісі жүзеге асып келеді. Бұған қоса білім, спорт және денсаулық салаларымен бірлесіп, арнайы іс-шаралар атқарылуда.
Сонымен қатар ауданымыздағы маргиналды жастар бойынша аудан көлемінде 5 аймақ орналасқан. Олардың құрамына Қытай, Барса-келмес, Ақмешіт, Тигр, Бомбей деп аталатын аймақтар жатады. Бұл аймақтар бойынша ыдырату бағытында сол жерде тұратын бұзақылық қылмыстарына бейімдер бақылауға алынды, – дейді Асылбай Аңсатов.
Бөлімнің сыртқы сала қызметкерлерімен атқарылған жұмыстарына сай 2025 жылдың 3 айында аудан көлемінде 3082 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 1306 құқықбұзушыға 24037548 теңге көлемінде айыппұл салынып, 1040 құқықбұзушыдан 18382586 теңге өндірілген. Ауданда 17 жол көлік оқиғалары орын алып, оның ішінде 3 адам қаза болған, 19-ы жарақат алған. Жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушыларды анықтау бағытында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші қылмыскер», «Заңсыз қайта жабдықтау» «Құқық тәртібі» арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіледі.
Мас күйде көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 27 құқықбұзушыға хаттама рәсімделіп, жол-патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен 17 заңға қайшы келген анықталған. Жаңадан құрылған жедел басқару орталығының бейнебақылау көмегімен 895 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олардың ішінде жол қауіпсіздігі бойынша 674 тәртіпке бас имеген анықталды.
Жолда жүру ережесін бұзған 1219 құқықбұзушылық анықталса, оның ішінде 824 құқықбұзушыға – 12.911.690,5 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 728 құқық бұзушыдан 11675842 теңгесі өндірілген.
– Ең күрмеулі мәселенің бірі – мал ұрлығы. Бұл бағытта тоқсан сайын «Мал ұрлығы» жедел – профилактикалық іс-шарасын өткізу тәжірибесі енгізілді. Мал ұрлықтарына тосқауыл қою мақсатында, бөлім аппаратының, учаскелік полиция инспекторлары және ветеринария қызметімен құрылған арнайы топтармен «Абай, Әлсейіт, Қарлан» көпірлерінің аймақтарына жылжымалы бекеттер қойылып, рейдтер жүргізілді. Тиісті құжатсыз мал тасымалдаған ӘҚБтК-нің 406-бабымен яғни құжатсыз мал тасымалдау дерегімен 7 хаттама рәсімделіп, 231000 теңге айыппұл салынса, малдарын қараусыз қалдырған 31 тұлғаға ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хатттама рәсімделді. Барлығы 342552 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сонымен бірге мал ұрлығын жасаған топ құрықталды, – дейді А.Аңсатов.
Қоғамдық орындарда, көшелерде масаң күйінде жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Есепті кезеңде әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 200 бабымен, яки белгіленген уақыттан тыс уақытта алкоголь өнімін сату бойынша 6 дерек анықталды.
Одан бөлек ауданда жергілікті атқарушы органдары басшылары, депутаттар, ауданның беделді азаматтарынан құрылған топтар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, түннің екінші жартысында кафелерде, жастар жиналған аумақтарда бірлескен профилактикалық жұмыстарға тартылуда.
Десек те маргиналды жастардың арасындағы құқықбұзушылық деректері өзектілігін жоймай тұр. Кәмелетке толмағандармен орын алған қылмыстарға байланысты бөліммен құрылған жоспарда бөлім орынбасарлары, қызмет сала басшылары, жедел уәкілдер, әкімшілік учаскелік полиция инспекторларынан құралған топтармен білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстар, алкоголь, есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер өткізілуде.
Кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыстар барысында, 179 құқықбұзушылық анықталса, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 2 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Оның ішінде түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) заңды өкілсіз ойын-сауық және тұрғын жайдан тыс (сағат 23:00-ден кейін) жүрген 141 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 442-бабы ескерту немесе 7 АЕК-21 мың 441 теңге).
Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған 8 әкімшілік хаттама рәсімделді (ӘҚБтК 127-б. – 10 АЕК – 30 630 теңге немесе 20 АЕК – 61260 теңге). Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 4 кәсіпкерге (ӘҚБтК 132-б. – 10 АЕК – 30630 теңге немесе 15 АЕК – 45 945 теңге) оларға темекі бұйымдарын сатқан 1 дүкен иесіне (ӘҚБтК 123-б. – 15 АЕК – 45 945 теңге немесе 15 АЕК – 61 260 теңге) әкімшілік хаттама рәсімделді. Өз міндеттерін орындамаған 1 ата-анаға қатысты іс комиссия отырысында қаралып қанағаттандырылды.
Бұрын сотты болған тұлғаларды қайта қылмысқа жібермеу бағытында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Сотты болған тұлғалар үнемі мекен-жайларынан тексеріліп, профилактикалық мәні бар әңгімелесулер жүргізілді. Бөлімнің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатында есепте тұрған 3 тұлға бойынша және басқа да профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке-жеке профилактикалық шаралар атқарылуда. Қазіргі уақытта есептегілер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу бағытында 69 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, жәбірленушілердің қауіпсіздіктері қамтамасыз етілсе, отбасы жанжалы бойынша 20 тұлғаның мінез-құлықтарына аудандық сотпен ерекше талаптар белгіленді. Профилактикалық шаралар атқарылып, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытында әзірленген арнайы алгоритм парақшалар таратылды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

19 сәуір 2025 ж. 69 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930