Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі талқыланды

Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі талқыланды

Қазалы ауданының әкімдігінде аудандық прокуратураның бастамасымен ведомствоаралық мәжіліс өтіп, аудан көлемінде 2020 жылдың 9 айында өсім алған қылмыс түрлерін және олар бойынша уәкілетті органдармен атқарылған профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі талқыланды.

Аудан прокуроры Б.Мырзабаев төрағалық жасаған мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары Ғ.Еркебай, Ә.Әбиев және аудандық полиция бөлімінің учаскелік және әкімшілік полиция инспекторлары қатысты.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан прокурорының орынбасары Д.Упабеков, жергілікті полиция қызметінің бастығы О.Қожахметов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Әбсұлтанов хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндады.

Жалпы аудан көлемінде ағымдағы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға (250/206) төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 200%-ға (2/0), кісі өлтіру 100%-ға (1/0), ауыр дене жарақатын салу 6%-ға (17/16), қарақшылық 40%-ға (5/3), ұрлық 44%-ға (139/78), тонау 75%-ға (4/1), қорқытып алушылық 100%-ға (1/0), бұзақылық 57%-ға (28/12), зорлау 25%-ға (4/3), қоғамдық орында жасалған қылмыстар 26%-ға (64/53) азайған.

Дегенмен, кейбір қылмыс түрлері мен оларды жасау жағдайы өсім алған. Нақтыласақ, ауыр қылмыстар 68%-ға (25/42), ауыр дене жарақатын салу 33%-ға (3/4), алаяқтық 225%-ға (4/13), есірткі қылмыстары 12%-ға (24/27), арақ ішіп мас күйде жасалған қылмыстар 44%-ға (27/39) өскен.

Қазіргі уақытта ауданымызда алаяқтық қылмыстарының ерекше өсім алуы алаңдатушылық туғызып отыр. Алаяқтық қылмыстарың негізгі түрлеріне келетін болсақ: тіркелген қылмыстардың 9-ы интернет арқылы алдауға, 4-і жұмысқа орналастыруға қатысты орын алған.

Сонымен қатар, аталған мерзімде жалпы 35 (2019 ж. 9 айында - 41) жол көлік оқиғалары орын алып, соның салдарынан 48 (42) адам түрлі жарақаттар алған болса, 6 (6) адам қайтыс болған. Оның ішінде 3 (0) кәмелетке толмағандар қайтыс болса, 5-і (4) әртүрлі жарақаттар алып, 25%-ға өскендігі байқалады.

Осы ретте, аудан прокуроры Б.Мырзабаев қылмыстылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды күшейту және жол көлік оқиғаларын болдырмау бағытында жол жүру ережелерін сақталуына шаралар қабылдауды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

06 қараша 2020 ж. 826 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031