Кримоногендік ахуал тұрақты
Заң мен тәртіп үстемдік құратын елімізде азаматтардың құқығына құрметпен қарайтын қоғам қалыптастыру мақсатын айқындау міндеті тұр. Тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халық арасында сақтық шараларын жүргізуде жеделдік пен қауіпсіздікті жақсарту жайлы аудандағы ахуал туралы Қазалы аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Асылбай Аңсатовтан сұрап-білдік.
– Тәртіп – табыс тұтқасы. Қай кезде де тыныштық пен қауіпсіздік қоғам дамуының кепілі. Әңгімені жыл басынан бергі крименогендік жағдайдан бастасақ...
– Атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың есепті мерзімінде қылмыстылық деңгейі 123-тен 112-ге түскенін негізге алсақ, аудан көлеміндегі криминогендік ахуал тұрақтылығы байқалды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыс 8,9 пайызға төмендеген.
– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасын» орнықтырудың алғышарты ашықтық пен жариялылық. Қылмыс түрлері, құрамы туралы айта аламыз ба?
– Ешқандай құпиясы жоқ. Ол уақыт талабы. Азаматтардың сенімін қалыптастырудың тиімді тетігі.
Он айлық есептік көрсеткішке зер салсақ, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар – 54-тен 41-ге яғни 24,1 процентке, онша ауыр емес және орташа қылмыстар – 54-тен 46-ға, 14,8 процентке төмендеген. Олардың қатарындағы аса ауыр қылмыстар – 10-нан 1-ге, ауыр қылмыстар – 44-тен 40-қа, орташа қылмыстар – 35-тен 27-ге төмендеген. Онша ауыр емес қылмыстар саны – 9.
Қабылданған профилактикалық шараларға байланысты қоғамдық орындарда – 16-дан 12-ге, оның ішінде көшелерде – 11-ден 8-ге, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар – 4-тен 3-ке төмендеген.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 19-дан 13-ке, көшеде жасалған қылмыстар – 13-тен 9-ға, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар – 27-ден 25-ке, соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар – 3-тен 1-ге, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар – 4-тен 3-ке азайған. Қарумен жасалған қылмыс орын алмаған.
– Әділдік пен қауіпсіздіктің негізгі сұранысын өтеуде қылмыспен күресу емес, оның алдын алу маңызды. Бұл бағытта қандай жұмыс қолға алынған?
– Қылмыстың алдын алуда атқарған жұмыстар аз емес.
Кешкілік патрульдік бағыттарға шығатын қызметкерлер саны бөлім қызметкерлерінен көбейтілді. Күнделікті түннің екінші жартысына дейін күшейтілген түрде тиісті профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Кісі өлтірудің және басқа да ауыр қылмыстардың алдын-алуда маскүнемдердің жиналуы мүмкін жалғызбасты аудан тұрғындарының тізімі жасалып, күнделікті учаскелік инспекторлармен бақылауға алынды.
Қарақшылық, тонау қылмыстарының алдын-алу мақсатында, ақша айналымын жүргізетін банк, пошта, ломбард, май және газ құю орындары зерделеніп, оларда дабыл сигналдары, бейнебақылау камераларының болуы, күзетшілермен толық қамтылуы бақылауға алынды.
Жыл басынан аудан көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың – 7742 деректері анықталды.
– Айыппұл арқалағандар туралы айтсаңыз...
– Он айда 3327 құқық бұзушыға 65 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, 2844 құқық бұзушыдан 53,6 миллион теңге өндірілген. Процентке шаққанда 81,4 –ді көрсетіп отыр.
Жалпы қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша барлығы 4351 құқық бұзушылық анықталып, оның 1356-сы 32,2 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеген. 1028 құқық бұзушыдан 22,6 миллион теңге өндірілген.
3391 жолда жүру ережесі бұзылған. Анықталған 1971 құқық бұзушыға 33,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 31 миллион теңгесі өндіріліп отыр. Бұл 92,0 процентті көрсетеді.
– Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұлдан басқа қандай шаралар қолданылады?
– Сұрағыңыз орынды. Жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушыларды анықтау бағытында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші қылмыскер», «Заңсыз қайта жабдықтау» «Құқық тәртібі» арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп келеді.
Ағымдағы жылдың 10 ай көлемінде көлік құралын масаң күйде басқарудың 55 дерегі белгілі болды. Әкімшілік кодекстің 608 бабымен тиісті шаралар көрілсе, көлік құралдарын ешқандай құжатсыз басқарып жүргізгендіктері үшін 275 азаматқа және 230 міндетті сақтандырудан өтпей автокөлік тізгіндеген азаматқа хаттама толтырылып, көлік құралдары ақылы айып тұрағына апарылды. Бүгінгі күнге дейін ақылы айып тұрағына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 492 автокөлік қойылған.
– Ауылдағы ағайынның жанайқайы – мал ұрлығы тыйылмай тұр. Бұған не себеп?
– Жасыратыны жоқ, мал ұрлығы біздер үшін де күрделі мәселенің бірі.
Бұл бағытта тоқсан сайын «Мал ұрысы» жедел – профилактикалық іс-шарасын өткізу тәжірибесі енгізілді.
Төрт түлікті ұрлауға тосқауыл қою мақсатында, бөлім аппаратының, учаскелік полиция инспекторлары және ветеринария қызметімен құрылған арнайы топтармен «Абай», «Әлсейіт», «Қарлан» көпірлерінің аймақтарына жылжымалы бекеттер қойылып, рейдтер жүргізіліп, тиісті құжатсыз мал тасымалдаған 6 жүргізушіге әкімшілік шараға тартылды. Қараусыз жүрген үй жануарларының 150 иесіне әкімшілік кодекстің 408 бабымен шара көрілді.
Қауіпсіздікті күшейтуге байланысты ортақ жұмыстар күн тәртібінен түспейді.
– Есіртікімен күрестегі үлес қандай? Жастар арасында белең алмауы үшін қалай тосқауыл боламыз?
– Қазалы ауданының полиция бөлімімен есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында есірткі өткізу, сақтау, жарнамалау және притон ұйымдастыру фактілерін анықтау бағытында жедел жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Қылмыстық теріс қылық бойынша 6 дерек анықталып, 5-уі сотқа жолданды.
Есірткі заттарын сатуда анықталған істің тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалаудың 1 дерегі тіркелді.
Ағымдағы жылы 3-рет өткізілген «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 4, ауруханада есірткі өнімдерін сақтау қағидаларын бұзу бойынша 2 дерек белігілі болды.
Сонымен қатар есірткі затын ірі мөлшерде сақтау дерегін анықтауда жедел профилактикалық іс-шаралары барысында, есірткіні егу дерегімен жан-жақты мәліметтер жинақталып, аудандағы құзырлы органдармен бірлесіп аралау жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан «Қарасора-2024» іс-шарасына сәйкес, есірткі алқабымен 4 дерек анықталып, құрықталды.
Кәмелетке толмағандармен жастар арасында есірткінің зияны мен зардаптары туралы 45 рет мектеп оқушылары, колледж студентеріне дөңгелек үстел, сұхбат, кездесулер өткізілді.
Аудан көлемінде орталық алаң, көше, адамдар көп шоғырланатын жерлерде есірткіден сақтану жолдарын алдын алу мақсатында арнайы әзірленген хабарламалар ілініп, осы тақырыпта жадынамалар таратылды.
Есірткі қылмыстарына қатысты қолға алынған іс-шаралар бағытында жеке құрам арасында бірлескен жұмыстар ұйымдастыру мақсатында соның ішінде есірткі трафигі мен контрабандасы, есірткі тұтынуды ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып синтетикалық және құрамында психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтаудың алдын-алу жүзеге асуда. Жастар көп жиналатын ойын-сауық орындары, оның ішінде түнгі кафе, сауналар және білім беру ұйымдарында есірткіні пайдалануға көндіру, есірткі тұтынуға мәжбүрлеу, притон ұйымдастыру, есірткіні талан-таражға салу, заңсыз есірткі айналымы, арнайы мекемелерде есірткіні сақтау, тіркеу ережелерін бұзу, ірі және аса ірі көлемде есірткі контрабандасымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау бағытында жан-жақты жедел-жұмыстар жүзеге асуда.
Бұдан бөлек қоғамдық орындарда, көшелерде масаң күйінде жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында 10 ай көлемінде белгіленген уақыттан тыс уақытта алкоголь өнімін сату бабымен 7 дерек анықталған
Одан бөлек, ауданда жергілікті атқарушы органдары басшылары, депутаттар, ауданның беделді азаматтарынан құрылған топтар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, түннің екінші жартысында кафелерде, жастар жиналған аумақтарда бірлескен профилактикалық жұмыстарға тартылуда.
– Маргиналды жастардың арасындағы құқық бұзушылық деректері жайлы білсек...
– 2024 жылдың 10-айымен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру деректері бойынша 380 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне ескерту жасалды.
Жыл көлемінде бірнеше рет құқық бұзғаны үшін 5 кәмелетке толмаған жасөспірім тізімдік есепке қойылды. Аудандық сотпен 11 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, ата-аналық құқығынан айыруға комиссия отырысына 2 құжат жолданып, 1 ата-ана ата-аналық құқығынан айрылды. Сондай-ақ, бейімдеу орталығына 6 кәмелетке толмаған орналастырылды.
– Түзету мекемесінде жазасын өтеп келгендермен жұмыс қалай жүргізілуде? Оларды қайта қателікке бой алдырмауда қандай шаралар жүзеге асады?
– Бұрын сотты болған тұлғаларды қайта қылмысқа жібермеу бағытында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, сотты болған тұлғалар үнемі мекен-жайларынан тексеріліп, профилактикалық мәні бар әңгімелесулер жүргізілді.
Бөлімнің есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатында есепте тұрған 3 азамат бойынша және басқа да профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке жеке профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта есептегілер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жоқ.
– Ашынған ана, булыққан бала – әлеуметтік-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар қоғамда актуалдығын көрсетуде. Бұл орайда қандай жұмыстар жүзеге асуда?
– Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында 123 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, жәбірленушілердің қауіпсіздіктері қамтамасыз етілсе, отбасы жанжалы бойынша 15 тұлғаның мінез-құлықтарына аудандық сотпен ерекше талаптар белгіленіп, профилактикалық шаралар атқарылып, отбасы тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу бағытында әзірленген арнайы алгоритм парақшалар таратылды.
Сонымен қатар анықталған құқық бұзушылықтар бойынша «Құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайларды жою туралы» ұсынымхат жолданып, шара қабылдамаған 5 лауазымды тұлғаға шара көрілді.
– Соңғы сұрақ, аудандағы көші-қон қызметі туралы білсек...
– Есепті мерзімде 320 шетел азаматы Е-қонақ» көші қон порталдық жүйесі арқылы тіркелген. Порталдық жүйе арқылы уакытша тіркеуде тұратын 39 шетелдік азамат бар.
Аудан бойынша 16 шетелдік тұрақты тіркеуде.
Алимент төлеуден жалтарып, 2022 жылдан бері іздеуде жүрген 1 борышкердің тұрғылықты мекенжайы анықталып, іздеу ісі қысқартылды. Ал 1 борышкерді анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы 2 шетелдіктен өтініш түсіп, ыхтияр хаты құжаттандырылды.
Құжаттандыру саласы бойынша ағымдағы жылдың 10-айы бойынша 5708-азаматтар құжат алған.
Сұхбаттасқан
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА