Бәрі бала болашағы үшін

2023 жылдың қыркүйек айында басталған нысанның жауапты мердігері – «Асар» ЖШС. Екі қабаттан тұратын білім ордасында заманауи жабдықталған кабинеттер, зертханалар, спорт залдары мен шығармашылыққа арналған алаңдар қарастырылған. Әр балаға жеке көңіл бөліп, оқушының қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа форматты білім беру жүйесі енгізілген. Көрген көз тоятын керемет ғимараттың сәулеті де сәнді.
Жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімінеоблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы келді. Тарихи сәтке Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары да куә болды. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын Наурыз мейрамымен және жайлы мектептің ашылуымен құттықтады.
Облыс басшысы салтанатты шарада: «Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Біз қоғамда ұстаз беделін, ұрпақ білімін арттыруға әркез мүдделіміз. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы толағай табысқа жетті. Сәулеті мен келбеті келіскен жаңа мектептер бой көтерді.Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жәй ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау, – деген болатын.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектептің құрылысы басталып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін облыс орталығынан өткен жылы қазан айында табысталған.Жыл басында Жаңақорған ауданында 300 және 600 орындық екі, көршілес Арал қаласында 300 орындық және Қызылорда қаласында 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға берілді.Жыл көлемінде тағы 4 жайлы мектептің құрылысын аяқталады деп күтілуде.
Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы жайлы мектеп «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 2,6 млрд. Теңге. Жаңа нысанды салу арқылы апатты жағдайда деп танылған №94 орта мектептің мәселесі толығымен шешілді. Ендігі мақсат шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ел ертеңі – балалардың қолайлы әрі қауіпсіз, заманауи жабдықталған, кең әрі жайлы мектепте білім алатындығы көңіл қуантады. Бұның барлығы жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда.
Бүгінде №94 орта мектепте 315 оқушы білім алуда. Педагог қызметкерлер саны – 46. Оның ішінде: педагог-зерттеуші-7, педагог -сарапшы-29, педагог-модератор-9. 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың аудандық кезеңінде-32, облыстық кезеңінде-6 оқушы жүлдегер болса, ауыл мектептері олимпиадасының республикалық кезеңінде 11 сынып оқушысы биология пәні бойынша екінші орын иеленді. Ұлттық ойындардың облыстық кезеңінде оқушылар бірінші орын тұғырына көтерілді. Алда талай асуды бағындырар шәкірттер жайлы мектептің жеңіс қоржынын толтырады деген сенім мол.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА