Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жуық арада аудандағы "Жайлы мектеп" пайдалануға берілмек

Жуық арада аудандағы "Жайлы мектеп" пайдалануға берілмек

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сыр өңірінде 2024-2025 жылдары 5 жайлы мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы да 5 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал ұлттық жоба аясында Қазалы ауданында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталуға жақын.
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Жанқожа батыр ауылына арнайы барып, білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Сондай-ақ мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне құрылыстың ең әуелі сапасына мән беріп, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен қажетті жабдықтарын орнату жұмыстары, сонымен қатар сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында басталған бұл мектеп құрылысы наурыз айының соңына дейін ауыл халқының игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталмыш нысанның жауапты мердігері - «Асар» ЖШС.
Екі қабаттан тұратын жайлы мектепте заманауи жабдықталған кабинеттер, зертханалар, спорт залдары мен шығармашылыққа арналған алаңдар қарастырылған. Әр балаға жеке көңіл бөліп, оқушының қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа форматты білім беру жүйесі енгізілетін болады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 наурыз 2025 ж. 235 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930