Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы заңнама жетілдірілуде

Мемлекеттік сатып алуды айналып өтуді болдырмау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін инвестициялық және пайдалану кезеңдерін іске асыру бойынша міндетті талаптар белгіленген.
Бизнесті әлеуметтік инфрақұрылым құруға белсенді тарту үшін білім беру, денсаулық сақтау, спорт және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы 43 нысанды салуды көздейтін 2024-2028 жылдарға арналған МЖӘ дамытудың кешенді жоспары қабылданды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін өткен жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік заңнамасына тәуелсіз талдау жүргізуге Азия даму банкінің халықаралық сарапшылары тартылды. Есеп қорытындыларымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы Заңның халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды. Сонымен бiрге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйесiн одан әрi жетiлдiру үшiн осы тiзбеге ерекше маңыздылық мәртебесiн бере отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің ауқымды жобаларының пулын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргiзiліп жатыр. Бұл халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларды бiрлесiп дайындау мен қаржыландырудағы мүддесiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi», – деді спикер.
Биыл жаңа Бюджет кодексі шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы заңнаманы біріздендіруге бағытталған түзетулер қабылданды, олар «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» заңдарды біріктіруді көздейді, бұл неғұрлым тұтас құқықтық негіз құруға мүмкіндік береді. Қабылданған түзетулерді іске асыруға бағытталған нормативтік заңға тәуелді актілерді келісу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Артық бюджеттік міндеттемелерден туындайтын теріс әсерді болдырмау мақсатында министрлік жергілікті атқарушы органдардың 2025-2027 жылдарға арналған мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін белгіледі.