Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тиімділігі түсіндірілді

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тиімділігі түсіндірілді

Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізде түрлі нысандар бой көтеруде. Олардың қатарында спорт кешендері, мектеп, балабақша және дәрігерлік амбулаториялар бар. негізі мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бюджет жүктемесін азайтып қана қоймай, жеке бизнесті жандандырады, кәсіпкерлік саласында тың бастамаларға жол ашады.

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен семинарда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің артықшылықтары мен тиімді жақтары айтылды.

Басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшыларын таныстырып, бүгінгі мәселенің маңызды екенін атап өтті.

– Бұндай игі жұмыстармен облыс көлемінде айналысып жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Ауданымыздың да кәсіпкерлері осы бағытта жұмыс жасауға қызығушылық танытады деп ойлаймын.
Бұл бағытта аймағымызға бөлінген қаражаттан біздің аудан да құр қалмай, атсалысуымыз керек. Біздің кәсіпкерлердің потенциалы өте жоғары. Тек қана бағдарламаның мақсаты мен жүйелі жұмысын жақсы түсініп алуымыз қажет. Бүгін менің шақыртуыммен Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшылары келіп отыр, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Басқосуда Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшылары Жанат Сапаржанова мен Бауыржан Нұрсейітов аудан кәсіпкерлері, кент, қала, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшыларына МЖӘ жобаларын іске асырудың негізгі қағидаттары мен схемаларын, мемлекеттік және жекеше әріптестердің қатысу нысандары мен тәсілдерін, шығындарды өтеу және МЖӘ жобасын іске асырудан түсетін кірістер көздерін түсіндірді.

Семинар барысында жергілікті кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан бұл жобаның қыр-сырын білуге асықты.

Сондай-ақ бұл күні Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының сарапшылары Қазалы ауданының елімізге белгілі кәсіпкерлері «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мінажадин Өтеев, «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай, «Намыс Құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулілермен де кездесу ұйымдастырылып, МЖӘ жан-жақты түсіндірілді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 ақпан 2020 ж. 849 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930