Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасқа айналған ағаш діңгегі

Тасқа айналған ағаш діңгегі

Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің жәдігерлері арасында соңғы уақытта ерекше назар аудартқан табиғи нысан – тасқа айналған ағаш діңгегі. Бұл сирек кездесетін, ғылыми және танымдық маңызы зор экспонатты музейге Қазалы қаласының тұрғыны Асылбек Қапышев сыйға тартқан. Жергілікті тұрғын бұл тылсым олжаны күнделікті тіршіліктің арасында, өзінің жеке бақшасын өңдеп жатқан сәтінде тауып алған.
Асылбек ағайдың айтуынша, ол сол күні көктемгі егіске дайындық барысында жерді қопарып жатқан. Бір кезде күрегі қатты бір затқа тіреледі, алғашында ол тас шығар деп ойлағанымен, топырақты арши түскенде бұл заттың пішіні кәдімгі ағаш діңгегіне қатты ұқсайтынын байқайды. Алайда қолмен ұстағанда ол тастай қатты болған, әрі салмағы да кәдімгі ағаштан әлдеқайда ауыр. Мұндай таңғаларлық құбылысты алғаш көрген Асылбек ағай бұл затты музей қызметкерлеріне көрсетуге бел буады. Музей мамандарының айтуынша, бұл – тасқа айналған ағаштың діңі, яғни миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен өсімдіктің қазба қалдығы. Геологиялық уақыт ішінде ағаштың органикалық құрылымы біртіндеп кварц, кремний, кальций сынды минералдармен алмасып, тасқа айналады. Мұндай үдеріс өте ұзақ уақытты – бірнеше миллион жылды қажет етеді. Бұл құбылыс «петрификация» немесе «тасқа айналу» деп аталады. Қазіргі таңда тасқа айналған ағаштар дүние жүзінде өте сирек кездесетін табиғи нысандар болып саналады. Олар көбінесе ежелгі экожүйелердің ерекшеліктерін, климаттың өзгерісін, геологиялық процестерді зерттеуде аса маңызды. Сондықтан Қазалы өңірінен мұндай табиғи жәдігердің табылуы – үлкен жаңалық. Асылбек Қапышев бұл ерекше табыстың жай ғана бақшадағы тас емес, тарихи-ғылыми тұрғыда құнды нысан екенін түсініп, оны музейге тапсыруды азаматтық борышы деп санапты. Бұл қадамымен ол туған жерінің тарихын байытуға, келер ұрпаққа табиғаттың осындай ғажап құбылыстарын паш етуге өз үлесін қосты.
Қазір бұл тасқа айналған ағаш діңгегі Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музей қорында сақтаулы. Музейге келушілер үшін бұл – таңғаларлық әрі ерекше әсер қалдыратын жәдігер. Оқушылар мен студенттер бұл экспонат арқылы тек табиғаттың тарихын ғана емес, оның күрделі, таңғажайып құбылыстарын да жақсырақ түсіне алады.
Мұндай экспонаттар табиғат пен тарихтың өзара байланысын, уақыттың қаншалықты терең екендігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Сонымен қатар бұл оқиға – кез келген қарапайым күннің өзінде үлкен жаңалық жасырын тұруы мүмкін екенін көрсетіп отыр.
Ж.ЕРБОЛҚЫЗЫ,
Ғ.Мұратбаевтың
мемориалдық музейінің
қор сақтаушысы

08 сәуір 2025 ж. 41 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 43

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 43

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930