Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Музей – тұнған тарих

Музей – тұнған тарих

Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Ал оның қоғам үшін тигізер пайдасы мен атқарар қызметі қандай? Музей жай ғана тамашалау­ды білдірмейді. Ол заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесінде және тарихи сананың қалыптасуында маңызы зор.
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Атаулы күнге орай, «Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалына барған едік. Жақында ғана құрылған музейдің 9 қызметкері мен үш залы бар екен. «Этнография залы», «Тұлғалар залы» және «Тәуелсіздік залы».
Этнография залында қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару-жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған. Сонымен қатар билік еткен қазақ хандары, билері, батырларының экспозициясы орналасқан. Ал тұлғалар залында аудан тарихының құрылуынан бастап, елді басқарған басшылардың және әр салада қызмет атқарған тұлғалардың фото-суреттері, құжаттары қойылған. Сонымен қатар мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушыларымыз, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының ардагерлері және еңбек ерлері, қуғын-сүргін құрбандары туралы мұралар өлкемізді тануға негізделген. Тәуелсіздік залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, ірі тарихи маңызы бар оқиға – Ата заңымыздың тағы басқа құжаттардың қабылдануы, Қазақстан Республикасының тұң­ғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары, сондай-ақ республикалық «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша ауданда тұрғызылған мектептер мен медециналық бекеттер және тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері мен өндірген өнімдері сақталған.
Музейге кірген бойда алдымыздан мұражайдың қор сақтаушысы Қуандық Ерболатов музеймен таныстырып, қызықты ақпараттармен бөлісті. Айтуынша:
– Негізінен, музейдегі экспонаттардың көбі Ғани Мұратбаев музейіне жинақталған. Қоры көбейген соң, мемориялдық музейдің филиалы болмайтыны үшін, өлкетану деп осы жерден ашылдық. Бір жағынан аудан халқының қалаға қатынап, музей аралаулары да сирек. Аудан орталығынан ашылғаннан кейін келушілердің көбі оқушылар болды. Бұл – қуанышты жағдай. Себебі мұражай – тұнған тарих. Музей шағын болғанымен ішінде жауапты атқарылар қызмет көп. Қордағы көп жәдігер қола және темір дәуірінен тұспа тұс келетін Ботай мәдениетіне қатысты заттар. Осы кезеңге сәйкес келетін 3 мыңға жуық жәдігерді Тапа құрылысынан Аманжол деген азамат әкеліп тапсырды, – дейді ол.
Музей қор сақтаушысының келуші қонақтарға айтары бар екен.
– Мұражайға келгенде жануарлардың экспонаттарын қолмен ұстауға болмайтынын ескертіп жатамыз. Кейде тәртіпке бағынбайтындары да бой көрсетіп қалады. Алайда оны себепсіз айтпаймыз. Біз экспонатты сол қалпын сақтауы үшін белгілі уақыттар аралығында оларға дезинфекция жасап отырамыз. Улы зат өздеріне зиян болмасын деп ойлаймыз, – дейді музей қызметкері.
Жанна МИХА

18 мамыр 2024 ж. 223 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031