Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жылда 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылды

Үш жылда 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылды

Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен мүлікті іздеу жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүргізіліп жатыр.
Фото: istockphoto.com

2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен мүлікті іздеу жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүргізілуде.

Бұл мақсатта Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатылған. «GlobE», «CARIN», «ARIN» және басқа да бейресми байланыс арналары пайдаланылып, активтерді жедел анықтауға және қайтаруға мүмкіндік беруде.

Осыған ұқсас жұмыстар өңірлік департаменттер тарапынан да жүргізілуде.

Мысалы, Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іске қатысты күдіктінің үйінде тінту жүргізу барысында шетелдік банктің реквизиттері көрсетілген қаржылық құжаттарды анықтады.

Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ұрланған қаражаттың бір бөлігі көрсетілген шетелдік банктегі шоттарға аударылғаны туралы ақпарат алынды.

Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс офицері «GlobE» халықаралық желісі арқылы шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, күдікті мен оның туысына тиесілі шоттар мен қаржылық операциялардың бар екенін растады.

Олар сондай-ақ ақша қаражатын алушы болған ҚР-ның резиденті емес тұлғаға қатысты деректерді ұсынды. Ақшалай қаражатқа тыйым салу және оларды кейін ықтимал тәркілеу мақсатында шет мемлекеттің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

Жалпы, қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.

Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған.

Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленді.
19 наурыз 2025 ж. 369 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 107

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031