Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кімдер пойыз билеттерін жарты бағаға сатып ала алады?

Қазақстанда кімдер пойыз билеттерін жарты бағаға сатып ала алады?

Фото: ChatGPT
Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар адамдар және олармен бірге жүретіндер пойыз билеттерін 50 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Жаңартылған нормалар ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен оларды алып жүретін тұлғаларға арналған жеңілдіктерді кеңейтуді көздейді.
"Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50 пайыз жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті)", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, енді ерекше қажеттілігі бар азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді.
"Көлік ведомствасы бұл рәсімді Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің 44-тармағынан құжат тапсыру талабын алып тастау арқылы жеңілдетуді көздеп отыр. Енді қажетті ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі. Бұл шаралар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталып отыр".
Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр. Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарда бар.


19 наурыз 2025 ж. 322 1

Dewitt от Бүгін, 19:39
Cheers. A good amount of info! meilleur casino en ligne Regards, A lot of information! casino en ligne francais Thanks a lot! Terrific information. casino en ligne Nicely put. Thank you! casino en ligne You actually stated that very well! casino en ligne Thanks a lot, Quite a lot of posts. casino en ligne France Nicely put, Regards. casino en ligne You definitely made the point! casino en ligne Whoa many of awesome tips. casino en ligne This is nicely put. ! casino en ligne

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30