Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еңбек – елдің дамуы мен берекесінің, әрбір жетістіктің негізі. Бұл мереке – маңдай терімен ел игілігіне қызмет етіп жүрген барлық еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, олардың қоғам мен мемлекет дамуына қосқан үлесін бағалайтын айтулы күн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев - «Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек. Табанды еңбек – жетістікке жетудің көзі, ал адал ниетпен атқарылған әрбір іс – қадірлі, кез келген еңбек – зор құрметке лайық» - деген болатын.

Қазыналы Қазалы – еңбекті қадірлеген, маңдай терімен елге қызмет еткен азаматтарымен танылған қасиетті мекен. Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендеріміздің көркеюіне, халықтың әл-ауқатының артуына әр салада еңбек етіп жүрген азаматтардың қосып отырған үлесі зор.

Ауыл шаруашылығы, өндіріс, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және басқа да салаларда табанды еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке, кәсіби табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!

Адал еңбектеріңіз ел игілігіне қызмет етіп, өңіріміздің дамуына берік негіз бола берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, еңбегіміз берекелі болсын!
27 қыркүйек 2026 ж. 38 0

Аудан әкімінің құттықтауы

27 қыркүйек 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930