Қазақстандықтарға салықтар туралы ескертілді: қазандағы маңызды мерзімдер
Фото:depositphotos.com
Қазақстандықтарға 2026 жылдың қазан айындағы салық есептілігін тапсыру мен міндетті төлемдерді төлеудің маңызды мерзімдері туралы ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бірінші мерзім - 1 қазан
1 қазанда жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті техникалық іркілістер мен өсімпұл есептелуін болдырмау үшін төлем жасауды және есептілікті тапсыруды соңғы күндерге қалдырмауға кеңес береді.
Қандай есептерді тапсыру қажет?
15 қазан:
400.00-нысаны – 2026 жылдың тамыз айындағы акциз бойынша декларация.
20 қазан:
328.00-нысаны – 2026 жылдың қыркүйек айындағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасын есептеу;
870.00-нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.
Салықтарды қашан төлеу керек?
1 қазан:
Жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған мүлік салығы.
5 қазан:
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылдың қыркүйек айындағы табысы бойынша ЖТС.
15 қазан:
2026 жылдың III тоқсанындағы тамырынан босатылатын ағаш сүрегін пайдаланғаны үшін төлемі;
Интернет-платформа операторы аударатын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы салық режимі шеңберіндегі жеке тұлғалардың табыс салығы (ЖТС) — 2026 жылғы қыркүйек үшін..
20 қазан:
2026 жылдың қыркүйек айындағы ЕАЭО аясындағы ҚҚС;
2026 жылдың қыркүйек айындағы акциз, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша;
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
2026 жылдың III тоқсанындағы ұзақ мерзімді орман пайдалану кезіндегі орман пайдалану төлемі;
2026 жылдың III тоқсанындағы өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.
27 қазан:
КТС – 2026 жылдың қазан айына арналған аванстық төлемдер;
2026 жылдың қыркүйегінде төленген резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС;
Төлем көзінен ұсталған ЖТС;
Бейрезидент табысынан төлем көзінен ұсталған КТС;
Резидент емес жеке тұлғалардың табысынан алынатын ЖТС;
Бейрезиденттердің жекелеген санаттарына 2026 жылдың қыркүйегінде төленген табыстардан алынатын ЖТС;
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша 2026 жылдың қыркүйек айындағы ЖТС;
2026 жылдың қыркүйек айындағы әлеуметтік салық;
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
2026 жылдың қазан айындағы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төлемі;
2026 жылдың қыркүйек айындағы бірыңғай төлем;
2026 жылдың қыркүйек айындағы әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, ММЗЖ, ЖМЗЖ, ӘО, МӘМС, МӘМСЖ).
Департамент техникалық іркілістердің алдын алу және өсімпұл есептелмеуі үшін есептілікті тапсыруды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауға кеңес береді.









