Қазан жаңбырмен басталады: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 29, 30 қыркүйек және 1 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, қазан Астанада жаңбырмен және күннің айтарлықтай суытумен басталады: жауын-шашынсыз бірнеше күннен кейін 1 қазанда ауа райы өзгереді. Алматыда әзірге +24 градусқа дейін жылы болады, бірақ жаңбыр жауады.
Астанадағы ауа райы
29 қыркүйекте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14, күндіз екпіні 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді, күндіз +17...+19 градус болады.
30 қыркүйекте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +17...+19 градус болады.
1 қазанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
Алматыдағы ауа райы
29 қыркүйекте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
30 қыркүйекте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
1 қазанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8, кей уақытта екпіні 13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
Қазақстанда үсік жүріп, жаңбыр жауады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болатынын, бірақ 1 қазанда жағдай өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай болжанады, ал солтүстік бөлігінде үсік жүреді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.










