Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашақбай Пірімов ауылында көрісу күні аталып өтілді

Қашақбай Пірімов ауылында көрісу күні аталып өтілді

Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн.

Атаулы күнге орай Қашақбай Пірімов ауылында «Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік шара өтті. Тағылымды шараға аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Жарылқап пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев қатысып, жиылғандарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті.


Амал мерекесінде Абай ауылы, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов ауылдарының әжелері қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылып, ұлттық спорт түрінен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен пен концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, халыққа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 наурыз 2024 ж. 565 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 144

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930