Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы 24 жылдан кейін жазғы Азия ойындарында "алтын" алды
ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті. Семсерлесудің сапы бағдарламасында Қазақстан ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Кореямен бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу нәтижесінде біздің спортшылар басым түсті.
Биыл әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан семсерлесу шеберлері үшін бұл - Азиада тарихындағы үшінші алтын.
Осыған дейінгі Қазақстанның көрсеткіштері:
- Хиросима 1994 жыл - алтын;
- Бангкок 1998 жыл - күміс;
- Пусан 2002 жыл - алтын;
- Доха 2006 жыл - қола;
- Гуанчжоу 2010 жыл - күміс;
- Инчхон 2014 жыл - қола;
- Джакарта 2018 жыл - қола;
- Гуанчжоу 2022 жыл - күміс.
Финалда отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасын 43:42 есебімен жеңді. Құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Руслан Курбанов өнер көрсетті.
Айта кетейік, осыған дейін қазақ семсерлесу шеберлері осы Азиадада бір күміс және үш қола медаль алып үлгерген болатын.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі










