Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар көрісу күнін атап өтті

Қазалылықтар көрісу күнін атап өтті

Бүгін Ақтан батыр ауылында Наурыз мерекесінің бастауы – Көрісу күніне арналған «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шара өтті.
Шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен, сондай-ақ Көрісу күнімен құттықтады.
– Тарихи деректерге сүйенсек, бүгін – ежелгі қазақ даласында Наурыздың басталған күні. Бұл күн қазақ халқында ізеттілік пен мейірімділікті, ауызбіршілік пен татулықты дәріптейді. Жақсылықтың нышаны болған бұл мейрам – халқымыздың рухани әлемінің бір көрінісі. Бұл күні адамдар арадағы өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне береке-бірлік тілейді. Әсіресе, аға буын өкілдері мейрамның тәрбиелік мәніне ерекше назар аударған. Біздің көпұлтты еліміз үшін достықты, ынтымақты үлгі ететін осындай жарқын мерекенің маңызы зор. Сондықтан бүгінгі шарада барша қазалылықтарды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рухымыз биік, іргеміз берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мерекелік шара барысында өнер ұжымдарының қатысуымен Көрісу күнінің мән-мағынасын түсіндіретін қойылымдар көрсетіліп, Наурызға арналған әсем әуендер шырқалды.
Сондай-ақ, Ақтан батыр ауылындағы «Орталық саябақта» спорттық ойындар ойнатылып, көшеттер отырғызылды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 наурыз 2022 ж. 876 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930